"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Президенттік деңгей

2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласынының мектеп оқушылары арасында Президенттік тест нормативтерін орындаған жас спортшыларды төсбелгілермен марапаттаудың салтанатты шарасы өткізілді.

 

Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президент күніне арналды.

 

2018 жылғы 05 мен 15 мамыр аралығында №76 мектеп-лицейінде жалпы білім беру мектептері арасындағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының тесттері өткізілді. «Шығыс» БЖО жауапты болып, өткізген қалалық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 128 оқушы қатысты.

 

Президенттік тест нормативтері қысқа және ұзын қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секiру, шаңғымен жүгiру, тартылу, ату, жүзу, қол добы мен граната лақтырудан тұрады. Жалпы бұл тестілеуге 33 616 оқушы қатысты.

 

7 оқушы Президенттік деңгей нормативтерін орындады: Амина Филиппова - №14 МГ, Юлия Самохина - №14 МГ, Милана Котельникова - №14 МГ, Әліби Жаниязов - №59 МЛ, Әлихан Тәжі - №2 МГ, Богдан Гармонщиков - №44 ОМ, Диас Әблакімов - «Жасұлан» Республикалық мектебі.

 

Балаларды Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Б.Б.Маржикбаев, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов марапаттады. Оқушылар төсбелгілер мен естелік сыйлықтар алды.

 

Өз құттықтау сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов: «Салауатты өмір салтын жүргізу, спортпен шұғылдану – белсенді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі. Президенттік спорт тестілеуінен өтіп, үздік шыққан  оқушылар – адалдық, шыдамдылық пен жігерді көрсетті. Осы жеке қасиеттердің барлығы өмірдегі жаңа мақсаттарға, жаңа биіктерге жетуге көмектеседі», – деп салауатты өмір салтының маңыздылығына  тоқталып өтті.