"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Волейбол мен баскетболдан Мектеп оқушылары спартакиадасының қорытындылары

2018 жылғы 27 желтоқсанда Астана қаласынының мектеп оқушылары Спартакиадасы шеңберінде өткен волейбол мен баскетболдан жарыстарының жеңімпаз бен жүлдегер командаларын марапаттау рәсімі өтті.

 

Оқушылар спартакиадасы жыл бойы спорттың 10 түрінен өткізіледі (алдында күзгі кросс пен футбол жарыстарының қорытындысы шыққан болатын).

 

2018 жылғы 15 қазаннан бастап 25 желтоқсанға дейін жалпы білім беру мектептерінің оқушылары - ұлдар мен қыздар арасындағы волейбол мен баскетбол ойындарының барлық 5 кезеңі өтті. Қалалық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 16 команда қатысты. Жалпы волейбол мен баскетболда жарыстарға 3 370 оқушы қатысты.

 

Волейболдан ақтық ойындар - 2018 жылғы 20 желтоқсанда  №32 МГда,  баскетболдан ақтық ойындар - 2018 жылғы 27 желтоқсанда в Кәсіби-техникалық колледжде өтті.

 

Ұлдар арасындағы волейболдан жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №18 ОМ командасы иеленіп, әрі қарай №№4, 16, 44 мектептері сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды. Қыздар арасындағы волейболдан жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №32 МГ командасы иеленіп, әрі қарай №№30, 16, 44 мектептері сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды. Ұлдар арасындағы баскетболдан жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №61 ОМ командасы иеленіп, әрі қарай №№54, 53, 30 мектептері сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды. Қыздар арасындағы баскетболдан жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды №6 МГ командасы иеленіп, әрі қарай №№30, 63, 35 мектептері сәйкесінше жүлделі орындарға ие болды.

 

Өз командаларының үздік ойыншылары атанған келесі оқушылар: Тургинбеков Темирлан - №44 ОМ, Цудинович Владимир -  №16 ОМ, Сакен Онласын - №4 МГ, Шерхан Шахмардан - №32 МГ, Тутубалина Анастасия - №44 ОМ, Андес Марина - №16 ОМ, Сеитова Асель - №30 МГ, Курлович Виолетта - №32МГ, Тесленко Никита - №30 МГ, Алмас Арлан - №53 МЛ, Зарыққан Әділжарасқан - №54 МЛ, Ахметжанов Бекжан - №61 МГ, Шайхутдинова Карина - №35 МЛ, Беликова Карина - №63 МГ, Зубкова Елена - №30 МГ, Сергиенко Мария - №6 МГ.