"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ІХ Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Мектеп және колледж оқушыларының ІХ Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті. 9 күнге созылған Спартакиадада 9 спорт түрінен 10 спорттық іс-шарада 588 медаль, 54 кубок, 642 диплом сарапқа салынды. Дүбірлі додада еліміздің барлық аймағынан 1273 оқушы қатысты. Командалық есепте бас жүлдені Қостанай өңірі еншіледі. Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы екінші және үшінші орынды иеленді. Спартакиаданың жабылау салтанаты 2019 жылғы 07 наурызда Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде өтті.

 

Астана қаласының өнер көрсету орындары келесідей болды:

 

  • Футзал (қыздар) - 1 орын
  • Коньки жарысы (қыздар) - 1 орын, коньки жарысы (ұлдар) - 1 орын
  • Спорттық бағдарлау (қыздар) - 2 орын, спорттық бағдарлау (ұлдар) - 2 орын
  • Мәнерлеп сырғанау - 3 орын
  • Шорт трек (қыздар) - 6 орын, шорт трек (ұлдар) - 3 орын
  • Шаңғы жарысы (қыздар) - 5 орын, шаңғы жарысы (ұлдар) - 4 орын.