"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Тоғызқұмалақ»

Ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде 2019 жылғы 13 наурызда «Тоғызқұмалақ» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті.

 

15 наурызда аудандық жарыстар өтті. Аудандық жарысқа 44 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 132 оқушы қатысты. Аудандар бойынша жарыс №61 орта мектепте өтті.

 

№№ 2,7,8,15,24,32,38,40,48,50,54,71 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Тоғызқұмалақтан» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.