"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Үздік дене шынықтыру мұғалімдері!

2019 жылғы 19 ақпаннан 29 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстандағы Жастар жылына арналған жас мамандар үшін «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» қалалық сайысы өтті.


Қалалық сайысқа қатысу үшін 16 педагог сұраныс берді. Ережеге сәйкес  сайыскерлер жасы 30 жастан артық емес,  педагогикалық еңбек өтілі 7 жылдан артық болмауы тиіс. Қатысушылар сайыстың 3 кезеңінен өтті: кәсіби портфолио ұсыну, пән білімін тесттілеу және берілген тақырып бойынша сабақ өткізу. Жас мамандар үшін «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» сайысының барлық кезеңдеріне қатысу нәтижелері бойынша «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының естелік дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен келесі дене шынықтыру мұғалімдері: № 3 мектеп-гимназия- Габбасов Нұржан Тұрғынбекұлы - 1 орын, № 24 орта мектеп - Каресов А.Е. - 2 орын, № 70 МЛ- Забенов А.К.- 3 орын, № 60 МЛ- Кошкарбаева Э. А., № 53 МЛ- Баекина О. Е. Қалалық сайыстың жеңімпазы мен жүлдегері «Балдәурен» РОСОда 2019 жылғы 16-19 сәуірде  өтетін Республикалық ақтық сайысқа қатысады.

2018 жылғы қазаннан бастап «Үздік дене шынықтыру мұғалімдерінің ұжымы-2019» сайысы өтті. Бұл сайыс тек біздің орталықта ғана өтетінін ескертеміз. Сайысқа қатысу үшін  қаланың 29 мектебінің ұжымы сұраныс білдірді.  Сайыс барысында ұжымдар 4 конкурстық кезеңнен өтті: 1 кезеңде- слайд-шоу түріндегі дене шынықтыру мұғалімдері ұжымының презентациясы өткізілді. 2 кезеңде «XXI ғасырдың дене шынықтыру сабағы» сабақтың бейне түсірілімін, «Дене шынықтыру және спорт- әлемдегі үздік педагог!» спорттық-бұқаралық іс-шараның презентациясын, «Педагогикалық идеялар панорамасы» дене шынықтыру мұғалімдері ұжымының жұмысын ұйымдастыру моделін көрсетіп, «Шеберлік қосындысы» пән білімін тесттіледі. 3 кезеңде ұжымдарға берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауды құру ұсынылды.

2019 жылғы 29 наурызда өткен ақтық кезеңде қатысқан алғашқы үш кезеңнің нәтижесі бойынша ең көп балл жинаған № 60 МЛ, № 32 МГ, №18 ОМ, № 3 МГ, № 5 МГ, № 59 МЛ дене шынықтыру мұғалімдерінің ұжымдары кездесті. Ақтық кезең «Үздік дене шынықтыру мұғалімдерінің ұжымы - 2019» сайысының  ГРАН-ПРИ иегері - № 59 мектеп-лицейдің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұжымын анықтады. Сонымен қатар «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының естелік дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен алған 2 орын үшін - № 60 МЛ, 3 орын үшін - №18 орта мектеп марапатталды.

.