"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Асық ату және бес тас жарыстары өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сай, 2020 жылдың 1 - 5 наурыз күндері аралығында Тараз қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған Х-жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиядасы ұйымдастырылып, асық ату және бес тас жарыстары өткізілді.
Х-жазғы Қазақстан оқушылар Гимназиядасына Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жарыстардың жеңімпаз құрама командасы жолданып, жүлделі орындар иеленді.

Ұлдар арасында «Асық ату» жарысы бойынша:
І орын - Жамбыл облысы;
ІІ орын - Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІІ орын - Ақмола облысы.
Қыздар арасында «Бес тас» жарысы бойынша:
І орын- Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІ орын - Солтүстік Қазақстан облысы.
ІІІ орын- Ақмола облысы.

Елордамыздың құрама командасын құттықтаймыз!