"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұстаздар күніне арналған футболдан турнир!

2020 жылдың 2 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар-жасөспірімдер орталығының стадионында ұстаздар күніне арналған білім беру мекемелері қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті. Турнирге 6 команда қатысты: "Шығыс", "Сарыарқа", "Кәсіп", "Алматы", "Есіл", "Байқоңыр".                       

 Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын - "Шығыс", 2 орын - "Алматы", 3 орын - "Сарыарқа".                    

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Шығыс" БЖО кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, "үздік қақпашы", "үздік қорғаушы", "үздік жартылай қорғаушы",                     "үздік шабуылшы", "үздік мерген", "турнирдің үздік ардагері", "турнирдің үздік ойыншысы" номинацияларының жеңімпаздары марапатталды.