"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Нұр-Сұлтан қаласында волейболды дамыту бойынша вебинар өткізілді

2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Сабақтан тыс спорт сабақтарын, оның ішінде волейбол бойынша спорт секцияларын ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдары» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар ZOOM платформасында өткізілді. Вебинарда келесі сұрақтар көтеріліп, талқыланды: 1) «Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің ағымдағы жағдайы туралы» - Тяженов Нұрлан Искандерұлы - «Шығыс» БЖО директоры; 

 

2) «Нұр-Сұлтан қаласында волейболдың дамуы туралы» - Олжабаев Дулат Байболатұлы - №5 БЖСМ волейбол жаттықтырушысы;

  • «Жас волейболшылардың дене шынықтыру негіздері» - Қайынбердиева Жанар Бауыржанқызы - №18 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  • «Ойын ережелері, жарыстарды өткізу әдістемесі және волейболда төрешілік ету туралы» - Әбенов Мұрат Түктібайұлы - №80 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

 

Модератор: Аяшев Садық Ақыласұлы - «Сарыарқа» ауданының дене шынықтыру дайындығы балалар мен жасөспірімдер клубының меңгерушісі.