"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Наурыз мейрамына арналған жарыс

2021 жылғы 17 наурызда № 87 мектеп-гимназия базасында Наурыз мейрамына арналған Байқоңыр ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқытушылары мен Нұр-Сұлтан қаласының шақырылған мектептері арасында ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, бес асық, дартс, қол күрестіру, гір спорты және арқан тарту) бойынша жарыстар өткізілді. 

 

Жарысқа 5 жалпы білім беретін мектеп қатысты (№4 МГ, № 8 МЛ, № 86 МГ, № 87 МГ және БИЛ).

 

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын – № 86 МГ, 2 орын – № 87 МГ, 3 орын – БИЛ, 4 орын – № 4 МГ, 5 орын – № 8 МЛ.

1 орын үшін жүлделер - 50 000 тг және ауыспалы кубок, 2 орын - 30 000 тг, 3 орын - 20 000 тг.