"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының игілігі»

«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының игілігі»

тақырыбында республикалық вебинар-конференция өтті

2021 жылы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толып отыр!                                  

Осыған орай, 17 наурызда «АРҚА ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының игілігі» тақырыбында республикалық вебинар-конференция өткізілді.                                                                         

 2021 жылы елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған көптеген спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарланған.               

 Нұр-Сұлтан қаласында осы жылы онлайн және оффлайн форматта 30-дан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде қазақ күресінен, гір спортынан, қол күрестен, асық атудан, тоғызқұмалақтан, арқан тартудан және басқа да спорт түрлерінен жарыстар, Қажымұқан Мұңайтпасовтың мұражайына бару және көрмелер жоспарланған.             

Вебинарға қатысқан спикерлер:                                                                

  1) Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған, атақты спорт тарихшысы, спорт журналисті - Қыдырбек Рысбекұлы. Тақырып: «Ұлы балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы мен қалыптасу тарихы».            

2) Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері,                    «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы, қазақ күресі Қауымдастығының өкілі - Бақдәулет Маратұлы Сәбитов. Тақырып: «Елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған іс-шаралар және қазақ күресінің дамуы туралы».

Модератор - Тяженов Нұрлан Ескендірұлы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры.