"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері арасында футзалдан "Алға" турнирі

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері арасында футзалдан "Алға" турнирі

 

2021 жылғы ақпан - наурыз айларында №56 мектеп-лицейінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығымен ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері арасында футзалдан дәстүрлі "Алға" турнирі өткізілді.   

Турнирге «Есіл», «Байқоңыр», «Алматы» ауданының, «Кәсіп» және «Шығыс» командалары қатысты. Турнир 40 жастан асқан және 40 жасқа толмаған спортшылар арасында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:(40 жастан асқан және 40 жасқа толмаған спортшылар арасында нәтижелерді ескере отырып).

1 орын – «Есіл» командасы

2 орын – «Алматы» командасы

3 орын – «Кәсіп» командасы мен «Шығыс» командасы 

5 орын – «Байқоңыр» командасы                                                                   

Турнирдің үздік ойыншылары:        

(40 жастан асқан спортшылар арасында)

 1.Қасенов Ғабидолла – «Кәсіп» командасы

2. Бодаев Бекен – «Шығыс» командасы 

3. Искаков Ержан – «Есіл» командасы

4. Абдиқұлов Қуат – «Алматы» командасы

Турнирдің үздік ойыншылары:

(40 жасқа толмаған спортшылар арасында)

1.Бекболатов Берік – «Шығыс» командасы

2.Әбішев Шалқар – «Кәсіп» командасы

3.Алшекей Сырым – «Алматы» командасы 

4.Социалов Медет – «Есіл» командасы

 

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және үздік ойыншылар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.