"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру және бастауыш-әскери және техникалық дайындық мұғалімдерінің тамыз секциялық кеңесі «Сапалы дене білімі - елдің адам капиталының негізі»

2021 жылғы 19-20 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру және бастауыш әскери және техникалық дайындық мұғалімдерінің тамыз қалалық секциялық кеңесін өткізу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері" № 3 диалог алаңы және «Елорданың білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің жай-күйі және ҚР БҒМ ҰҒПДТО дамытудың басымдықтары туралы» пленарлық сессия өтті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының, ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының» басшылары, Дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының жаңадан сайланған құрамының спикерлері-мүшелері кәсіби қоғамдастықтың ең өзекті мәселелері бойынша сөз сөйледі: «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу-тәрбие процесін құжаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету», «Дене шынықтыру мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігінің қызметін ұйымдастыру», «Педагогтарды аттестаттау педагогтің кәсіби құзыреттілігінің өсу көрсеткіші және дене шынықтыру сабағын оқыту сапасын жақсартудың шарты ретінде». Пленарлық сессия аясында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәнінің бірқатар педагог-мұғалімдері білім басқармасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.