"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Navigator ИННОВАТОРЫНЫҢ» презентациясы

Кәсіби мереке қарсаңында, нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Navigator ИННОВАТОРЫ» - мектептің дене шынықтыру пәнінің жас маман мұғалімдерін озық педагогикалық тәжірибе мекен-жайлары бойынша деректермен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық тәжірибе навигаторымен таныстырды.  

«Navigator инноваторы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілер беттерінде орналастырылған. Педагогикалық тәжірибе навигаторында үздік мамандардың - тәжірибелі дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби саладағы мамандану бағыттары көрсетілген деректері ұсынылған.