"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» айлығының жоспары аясында Нұр-Сұлтан қаласының Әлихан Бөкейхан атында №76 мектеп-лицейде, 6-9 сыныптағы ұлдар мен қыздар оқушылары арасында дойбыдан қалалық турнир өтті. Жарыс халықаралық Дойбы кодексінің шартымен щвейцарлық жүйеде 9-11 турдан тұрды. Ойыншылар Бухгольц коэфиценті, жеке ойындар мен ең көп ұтыстар бойынша анықталды. Белсенді қатысқан 28 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Қыздар арасындағы нәтиже: I- орын Өнербай Ақжан №89 МЛ; II- орын Жылқыбаева Аружан № 10 МГ; III- орын Сайлау Әмина № 48 ОМ.

Ұлдар арасындағы нәтиже: I- орын Нұрәлім Тамерлан №76 МЛ; II- орын Қаныбек Нұрасыл № 76 МЛ; III- орын Жақыпов Мақсұтхан № 76 МЛ.

Командалық нәтиже: I- орын № 76 МЛ; II- орын № 48 МЛ; III- орын № 80 МГ.

 

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтаймыз!