"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Баскетболдан Ұлттық мектеп лиганың ойындары аяқталды

2021 жылғы 24 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіптік техникалық колледжінде 2021-2022 оқу жылына арналған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық Мектеп Лигасының қалалық кезеңі шеңберінде қыздар мен ұлдар арасында баскетболдан ақтық жарыстары аяқталды!

 

Баскетболдан 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстары 2021 жылдың 22 қараша және 24 желтоқсан аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің спортзалдарында ұйымдастырылып өткізілді.

 

Баскетболдан 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарына жалпы білім беретін мектептердің 41 қыздар, 75 ұлдар, жалпы 116 команда және 1160 оқушы тартылды.

 

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының қызметкерлері қатысты.  

 

Қыздар  арасында «Ең үздік ойыншылар»:

Болатқызы Зейнеп - № 51 МГ,

Шахова Юлия - № 6 МГ,

Щеднова Ангелина - № 30 МГ,

Ахметова Томирис - № 1 МЛ.

 

Қыздар  арасында баскетбол ойынының қорытындысы бойынша

1 орынды жеңіп алғаны үшін –   № 30 мектеп-гимназиясы.

2 орынды жеңіп алғаны үшін – № 1 мектеп-лицейі;

3 орынды жеңіп алғаны үшін – № 6 мектеп-гимназиясы;

4 орынды жеңіп алғаны үшін – № 51 мектеп-гимназиясы;

 

Ұлдар арасында «Ең үздік ойыншылар»:

      Нарымбаев Әбілмансұр - № 41 ОМ,

      Мұхамедғалиев Санжар - № 66 МЛ,

      Жексенбай Мирас - № 32 МГ,

      Жомартбеков Дияр - № 38 МЛ.  

 

Ұлдар  арасында баскетбол ойынының қорытындысы бойынша

1 орынды жеңіп алғаны үшін –  № 32 мектеп-гимназиясы.

2 орынды жеңіп алғаны үшін – № 38 мектеп-лицейі;

3 орынды жеңіп алғаны үшін – № 66 мектеп-лицейі;

4 орынды жеңіп алғаны үшін – № 41 орта мектебі;

 

Құттықтаймыз!