"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

"МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ СТАДИОН" атты оқушылардың шығармашылық жұмыстары конкурсы өткізілді

Іс-шаралар жоспарына (білім басқармасының 07.07.2022 ж. № 360 бұйрығы) және "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының" конкурсын өткізу туралы Ережеге сәйкес, 2022 жылғы 18 сәуірде қала мектептерінің оқушылары "Менің арманымдағы стадион" шығармашылық жұмыстары конкурсына қатысты.                                                                                                                 

Байқау келесі мақсатта өткізілді:                                                         

Дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын танымал етуге тарту және оқушылардың өзін-өзі көрсетуі мен шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау арқылы балаларды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.

Конкурсқа № № 5,15,30,35,55,58,60,76,86 мектеп, "Орталық" экономикалық мектебі оқушыларының 22 конкурстық жұмыстары ұсынылды.

Байқау қазылар алқасының жұмыс нәтижелері бойынша байқау ұйымдастырушыларының естелік дипломдарымен марапатталды:           

- бірінші орын алғаны үшін- «Орталық" экономикалық мектебінің оқушысы - Атаев Маратали;

- екінші орын үшін - №35 мектеп оқушысы - Кемелтай Камелетдин;

- үшінші орын үшін - №60 мектеп оқушылары - Ниязова Даяна, Темирбаева Дария.

 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!