"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Нұр - Сұлтан қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы-2022» аяқталды

2022 жылғы 26-28 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы-2022» бағдарламасындағы «Туған жер - 2022» туристік слёті, Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Боровичок» балалар сауықтыру орталығында өткізілді. Туристік слётке Нұр-Сұлтан қаласының 32 мектебінен 400-ға жұық білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды № 37 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды, ІІ орында - № 74 мектеп-гимназиясы, ІІІ орында - № 60 мектеп-лицейі. Жарыстың жеңімпаз бен жүлдегер командалары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру қызметкерлері қәсіподағының грамота, медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Нұр - Сұлтан қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы-2022» қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп (6 спорт түрі бойынша): І орын - № 60 мектеп-лицейі; ІІ орын - № 83 мектеп-гимназиясы; ІІІ орын - № 66 мектеп-лицей. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!