"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Тоғызқұмалақ ойынынан әдістемелік семинар өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылғы 11 қарашада №66 мектеп-лицейінде «Тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастыру және жеңімпаздарды анықтау тәсілдері» тақырыпта әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Астана қаласының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.

Модератор: Наурызбаев Дархан Жұмағалиұлы - №66 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.