"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалі өтті

2022 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық ән фестивалінің қорытынды туры өтті.

Қазақстанның барлық өңірлерінен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының 150-ден астам тәрбиеленушісі «Вокал», «Фольклор» және «Вокалдық - аспаптық ансамбль» номинацияларында үздік болу құқығы үшін күресті.

Астана қаласының «Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша фестивальге Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Фестивальге сапалы дайындық, табандылық пен еңбек, жас орындаушылардың таланты Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп - гимназиясының «Ақжелен» ансамблінің ұжымына композитор - күйші Дәулеткерей Шығайұлының "Көроғлы" композициясымен «фольклор» номинациясында 1 - орынға ие болуға мүмкіндік берді.