"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ

25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

"СЕРГЕК РУХ ПЕН ДЕНІ САУ ДЕНЕ,

СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ -ДҰРЫС ІС!»

ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2023 жылдың 11 мамырында Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп- гимназиясында Халықаралық отбасы күніне және Астананың 25 жылдығына орай «СЕРГЕК РУХ ПЕН ДЕНІ САУ ДЕНЕ, СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУ -ДҰРЫС ІС!» оқушылардың  эссе байқауы өтті. Байқауға Астана қаласының  7-9 сыныптағы 14 мектептің 27 оқушысы қатысты.

Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының мүшелері қойған балдардың ең көп сомасы бойынша келесі критерийлер бойынша анықталды:

* Негізгі тақырыпты ашу

* Өз ұстанымын ұсыну және түсіндіру

* Берілген пікірлер мен дәлелдердің сипаты мен деңгейі.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Аяулым Бұхарбай - № 86 мектеп-гимназия;

2 орын - Жамиля Қайроллаева - № 59 мектеп-лицейі;

3 орын - Нұрбибі Маратқызы - № 42 орта мектебі;

4 орын - Екатерина Власова - № 27 мектеп-лицейі;

5 орын - Амалия Туребаева - № 14 мектеп-гимназия. 

Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының дипломдармен марапатталды