"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

 «Мен - Чемпионмын!»

Бұл балалар спорттық ойыны Солтүстік Қазақстан облысында телевизиялық жоба түрінде бастау алып,  мектеп оқушылары арасында бірден танымалдылыққа ие болды. 

 

2015 жылы жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдап, барлық Қазақстан оқушылары арасындағы спорттық-бұқаралық іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Жарысты өткізу үшін ерекше бір жағдай жасаудың, қымбат құрал-жабдық сатып алудың қажеті жоқ. Күш пен жігер, ептілік пен шыдамдылықтарын  оқушылар қарапайым мектеп спортзалында, стандартты спорттық құрал-жабдық көмегімен сынаулары мүмкін. Мектептерде жарысқа дайындалу барысында ең қарапайым құралдар пайдаланылады - самокат, арқан, доп, т.б. Облыстық кезеңде тағы біраз реквизиттер қосылады.

 

Әрбір оқу жылында жобаға 12-14 жас аралығындағы (бұл жас аралығы міндетті түрде сақталады, себебі төрешілер нәтижені саралауға және қатысушыларды ойынға жіберуге қатал қарайды) екі жүз мыңнан астам мектеп оқушысы қатысады. Ондай жетістікке қол жеткізуге ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауы мүмкіндік берді: бүгінгі таңда әр қазақстандық мектеп «Мен - Чемпионмын!» жарыстарын ұйымдастырады. Ал Солтүстік Қазақстанда туған жоба еліміздің барлық балаларын салауатты өмір салты идеясын ұстанумен біріктірді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұқаралық спорт дамуы мен салауатты өмір салтына көп көңіл бөледі. Осы жылы елімізде «Мен - Чемпионмын!» жобасы бесінші рет өткізілуде. Жобаның ережесіне сәйкес қатысушылардың қатаң жас шектеулері белгіленгендіктен, командалар құрамы біршама жаңартылды. Бұл - қазақстандық мектептердегі ұрпақ сабақтастығының дәлелі.  

 

Қала мектептері арасындағы «Мен - чемпионмын!» турнирінің ұйымдастырылуы мен өткізілуін Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы жүзеге асырады: директоры Тяженов Нурлан Искандерович, спорттық-бұқаралық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Султаналиев Адлет Сагитович, әдіскерлері - Алпысбаев Батырхан Асылханұлы мен Сафин Кабидулла Сагындыкович, дене тәрбиесінің нұсқаушылары - Козганбаев Аманбай Газизович, Мыкышаев Эльдар Тургалиевич, Ерменов Амангелды Кытаубаевич, Темралиев Артур Бакжанович, Сулейменов Дулат Мустафиевич, Сергиенко Кирилл Сергеевичтің тікелей қатысуымен өтеді. 


         "Мен - чемпионмын!" - бұл елімізде кеңінен таралып келе жатқан балалар спорттық ойыны. Ол төрт кезеңнен тұрады: алғашқысы - мектепішілік, екіншісі - озып шыққан мектеп командалары ауданның үздік мектебі атағы үшін сайысады, үшінші кезең - қалалық. Осында ауданның үздік командалары қаланың ең мықты командасын анықтайды. Және төртінші ақтық кезеңде - еліміздің облыстары, Астана және Алматы қалаларының ең үздік өкілдері Чемпионның Басты Кубогі үшін ғаламат шайқаста кездеседі!

 

Астана қаласындағы мектепішілік жарыстар 2018 жылғы 05-06 қарашада, топтық - 07 қарашада, қалалық мәресі - 09 қараша күні жаңа Оқушылар сарайында өткізілді. Жарыс қатысушылары баскетбол және футбол доптарын игеру, «Дартс» ойыныны ойнай білу, роликпен сырғанай алу, секіру, аунау, қаппен секіру, т.б. дағдыларын көрсетті.

 

Топтық жарыста №№3, 6, 7, 10, 20, 21, 22, 30, 32, 37, 38, 43, 44, 57, 59, 65, 67, 70, 72, 78, 81 мектеп командалары бақтарын сынады. Нәтижесінде, 6 орын - №65 МГ «Астана», 5 орын - №20 ОМ «Колибри», 4 орын - №21 ОМ «Медведи», 3 орын - №37 ОМ «Барыс», 2 орын - №32 МГ «Максимум» командасы, ал «Мен - чемпионмын!» жарыстың қорытындылары бойынша жеңімпаз болып, жетекші жаттықтырушысы Василенко Павел Николаевич бастаған №6 мектеп-гимназиясының «Лидеры» командасы атанды. Сонымен қатар топтық сайыстың басқа да жеңімпаздарының командалары мен жетекшілерін айта кетпеуге болмайды. Олар: №20 ОМ - Жумабаев Жанбек Еркенович, №21 ОМ - Смагулов Даулет Серикович, №32 МГ - Мустафина Ирина Равиловна, №37 ОМ - Тырнахан Бердихан, №65 МГ - Тоқтаубай Қайырлы.

 

Турнирдің жеңімпаз №6 мектеп-гимназиясының «Лидеры» командасы «Мен - Чемпионмын!» Республикалық телевизиялық ойынына жолдама алды. Бұл ойын Щучинск қаласында  2018 жылғы 18-21 қараша аралығында өтетін болады.

 

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Шығыс» БЖО атынан тиісті дәрежелі кубок, медаль, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

СЕН де, бұл телевизиялық жобаның бір бөлшегі бола аласың!

 

Чемпион бол!

 

.