"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз»

«Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберіндегі ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес 2018 жылғы 13 қарашада Бес тастан мектепішілік жарыстар өтті.
14,15,16 қарашада аудандық жарыстар өтті. Аудандық жарыстарға 49 мектеп қатысты. Барлығы 147 оқушы атсалысты. Аудандық жарыстардың 12 үздік жеңімпаз командасы 2019 жылғы мамырда өтетін қалалық ақтық кезеңге қатысады. Алматы ауданы бойынша жарыстар №38 ОМ, Сарыарқа ауданы бойынша - №18 ОМ, Есіл - №24 МГ, Байқоңыр - №54 ОМ өткізілді.
№№ 8, 14, 18, 24, 37, 38, 54, 57, 68, 74, 80, 85 мектептер 2019 жылғы мамырда «Бес тастан» өтетін қалалық ойындардың ақтық кезеңіне қатысатын болады.