"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

««Футбол сабағы» үлгісінде білім беруді жаңғырту жағдайында заманауи дене тәрбиесі сабағына қойылатын талаптар» әдістемелік-нұсқаулық семинары

 ««Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының» 2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес 2018 жылғы 28 қарашада № 37 орта мектепте ««Футбол сабағы» үлгісінде білім беруді жаңғырту жағдайында заманауи дене тәрбиесі сабағына қойылатын талаптар» әдістемелік-нұсқаулық семинары өтті. Семинар жұмысына ҚР БҒМ ҰҒПДТО және Республикалық футбол федерациясы Балалар мен жасөспірімдер футболының менеджері Павлюк Владимир Романович қатысты.

 

Семинар модераторлары- «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» 2016 және 2018 жж. Республикалық сайысының Гран-при иегерлері Копкина Елена Ивановна- № 6 МГ дене тәрбиесі мұғалімі және Матаев Руслан Болатович- № 27 МЛ дене тәрбиесі мұғалімі «Футболда допты жүргізу және қарсыласты айналып өту дағдыларын үйрету» және «Футболда допты қабылдау, беру, тоқтату техникасын үйрету» панорамалық сабақтарын ұсынды. «Футбол сабағы» жобасының кураторы Утробин Никита «Футбол сабағының тиімділігін арттыру үшін арнайы жаттығуларды қолдану» тақырыбына шеберлік класын өткізді.

 

Семинарға «Футбол сабағы» жобасын сынамалауға қатысушы №№ 2,4,5,6,7,10,13,14,16,17,18,19,22,23,24,25,27,28,29,30,32,35,37,40,41,48,49,50,51,52,53,54,55,56,57,58,59,60,61,62,

63,64,65,66,67,68,69,70,71,72,73,74,75,76,77,78,79,80,83,84 мектептерінің дене тәрбиесі мұғалімдері шақырылған болатын.

 

Семинар соңында  қатысушыларға «Дене тәрбиесі сабағында жаттығу үшін футбол бойынша әдістемелік құрал» және футбол доптары тапсырылды.