"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Искакова Галия Габдулманаповна

Искакова Галия Габдулманаповна

 

Искакова Галия Габдулманаповна директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін 2007 жылдан бері атқарып келеді.


Искакова Галия Габдулманаповна өз кәсіби қызметінде жоғары жауапкершілігімен ерекшеленеді. Педагогикалық ұстанымы үдіксіз өзін-өзі жетілдіру болып табылады.. Тәжірибе жүзінде бұл педагогтың әдістемелік қызметтің жұмысын ұйымдастыру мен көптеген әртүрлі әдістемелік зерттемелер, жоспарлар, тұжырымдамалар, стратегиялар әзірлеудегі белсенділігімен дәлелденеді.  Педагогикалық іс-тәжірибесі турлі деңгейдегі қалалық және республикалық семинарлар мен конференцияларды қаралды.


ҰҒПДТО мен РОӘҚББО өткізген республикалық сайыстарға төрешілік ету жұмыстарына, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекетті сараптау мәселелрі бойынша көптеген сараптау тобы мен комиссиялар құрамының жұмысына  қатысқан. 

Педагогикалық кадрларды аттестаттау, дене тәрбиесін жүргізу мен спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында дене шынықтыру бойынша оқу әдістемелік және тәрбие жұмысын қамтамасыз ету мен жетілдіруге үлкен күш жұмсап келеді. 


ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының, қалалық әкімдіктің, Азиялық олимпиада комитеті мен спорт түрлері бойынша федерациялардың грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған..


2011 және 2015 жылдары «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Үздік қосымша білім беру ұйымы» номинациясы бойынша қала әкімінің грантын иеленді.


Искакова Галия Габдулманаповна – бастамашыл, жауапты, мақсатқа берік басшы. Оны шыншылдық, ұстанымға беріктік, креативтілік, еңбексүйгіштік пен адалдық сияқты қасиеттермен сипаттауға болады


Әріптестері мен педагогикалық ұжымдар арасында лайықты бедел мен құрметке ие.