"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы

Ақпарат

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының 29 тармағын іске асыру мақсатында және Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 107-04/01 хатына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 22-бабын 1-тармағын басшылыққа ала отырып, белгіленген құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қолданатынын хабарлайды, атап айтқанда:

- қызметкерлердің функционалдық міндеттері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне жол бермеу бойынша жеке жауапкершілігін қалыптастыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторинг арқылы сыбайлас жемқорлықтың және оның көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізеді;

- құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті арқылы жұмысқа түсушілерді қосымша тексеруді жүзеге асырады;

- қамқоршылық кеңестің қызметіне жұртшылықты және ата-аналарды тарту жөніндегі талаптарды сақтауға сәйкес Қамқоршылық кеңесті құру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

- осы уақытқа дейін орталыққа қайырымдылық немесе демеушілік көмек көрсету бойынша ұсыныстар түскен жоқ. Сонымен қатар, әкімшілік қайырымдылық немесе демеушілік көмекті есепке алу үшін арнайы шот ашу және келіп түскен қайырымдылық немесе демеушілік көмек туралы толық мәліметтерді интернет ресурстарда орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы мәліметтерді олардың бөлінуін, қалдықтардың болуын және пайдаланудың болжанатын мақсаттарын көрсете отырып, ай сайын өзектендіріп отырады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпорын ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлер мен оқушылар үшін тоқсан сайын дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының» 29 тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Н.Е.Тяженовтың Нұр-Сұлтан қаласының оқушылардың ата-аналары мен ұжымның алдында, оның ішінде бағынысты білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуі өтті (бейне қосумен қатар).

 

Директор                                                                                   Н.Тяженовa

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының» 29 тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Н.Е.Тяженовтың Нұр-Сұлтан қаласының оқушылардың ата-аналары және ұжымның алдында, оның ішінде бағынысты білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуі өтті.