"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Гимназиада бағдарламасындағы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" 2020 жылға арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру республикалық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Х Республикалық Гимназиада шеңберінде ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде киокушинкай-кан каратэ бойынша онлайн-жарыс өтті.Киокушинкай-кан каратэден өткен онлайн-жарыстарда елордалық спортшылар-оқушылар сәтті өнер көрсетті:

6-7 жас (қыздар) - Клюмова Іңкәр - 3 место;                                                    

8 лет (ұлдар) - Кендыбай Әмірхан - 3 место;                                                   

8-9 лет (қыздар) - Жамалбек Амира - 3 место;                                                  

11 лет (ұлдар) - Қалым Нұресіл - 3 место;                                                     

11 лет (ұлдар) - Түзелхан Дәулетхан - 1 место;                                                   

12 лет (ұлдар) - Жанабай Дінмұхаммед - 2 место;                                     

13 лет (ұлдар) - Абдуқадыр Мұрат - 1 место;                                                       

12-13 лет (қыздар) - Гловдан Ульяна - 2 место;                                               

14-15 лет (ұлдар) - Арыстанбеков Дархан - 2 место;                                       

14-15 лет (ұлдар) - Түзелхан Сәулехан - 3 место.

Команда өкілі-Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы Жеңіс Дәурен Қайратұлы.            Республикалық онлайн-жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау 2020 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығында өтті.Марапаттау рәсімін "Шығыс" БЖО директоры Тяженов Нұрлан Искандерұлы және Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы Жеңіс Даурен Қайратұлы өткізді. Республикалық Гимназиада аясында киокушинкай-кан каратэ бойынша республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!