"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қосымша білім беру ұйымдарында спорт секцияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында Вебинар

2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Арқа алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының жаттықтырушы-оқытушыларының және «Байқоңыр» және «Есіл» аудандарының дене шынықтыру мұғалімдерінің қатысуымен «Қосымша білім беру ұйымдарында спорт секцияларының қызметін ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Модераторлар: Тяженов Нұрлан Искандерұлы - "Шығыс" БЖО директоры және Искакова Ғалия Ғабдулманапқызы - «Шығыс» БЖО директорының орынбасары.