"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Республикалық жарыста топ жарды

2021 жылғы 18-20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен қазақ күресінен 2004-2005 жылдары туылған (ұлдар,қыздар) мектеп оқушылары арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық жарысы  өз мәресіне жетті.

 

ЖАЛПЫКОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:

Қыздар арасында:

1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы;

2 орын- Ақтөбе облысы;

3 орын- СҚО.  

Ұлдар арасында:

1 орын - Жамбыл облысы;

2 орын - СҚО

3 орын - Алматы қаласы

Қыздар арасында жалпыкомандалық есепте І орын жеңіп алған Нұр-Сұлтан қаласы құрама командасын шын жүректен құттықтаймыз!