"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Вебинар өтті

2021 жылғы 27 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында «Қосымша білім беру ұйымы қосымша білім беру ұйымының инновациялық моделі және ресурстық орталық ретінде білім беру ұйымдарымен өзара іс қимыл жасау» тақырыбында вебинар өтті.                                    Вебинарда Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелеріндегі спорттық-бұқаралық, әскери-патриоттық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды дамыту орталығының жалпы қызметі бойынша мәселелер қаралды.  Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер дене дайындығы клубтары мен мектеп спорт клубтарының, «Жас тарлан» әскери-патриоттық спорт клубының, «Арқа ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының жұмысы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінде «Алтын ұрпақ» жобасын іске асыру сұрақтары қарастырылып, талқыланды.

Модератор-Искакова Ғалия Габдұлманапқызы-қалалық білім беру педагогтары қауымдастығының Көшбасшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары.

Вебинарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 08.10.2021 жылғы №107-3465 «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарын қайта атау туралы» Қаулысы жарияланды, оның негізінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК болып өзгертілді.