"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының кеңесі

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының кеңесі

 

  2022 жылдың 28 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «Жас Тарлан» әскери-спорт орталығында Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының кеңесі өтті.

    Кеңесте өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды. Кеңеске қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, «Жас сарбаз» балалар қозғалысының қалалық филиалының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшылығы шақырылды. Кеңес қорытындысы бойынша алғашқы әскери және технологиялық дайындық және патриоттық тәрбие мәселелері бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар қабылданды.