"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылдың 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында ZOOM платформасында «Сабақтан тыс спорт сабақтарын ұйымдастырудың және мектептегі спорт секциялары қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбанды вебинар өткізілді.

  Вебинардың басты мақсаты: дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Вебинарға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

 

Вебинардың модераторлары: Искакова Ғалия Ғабдұлманапқызы

 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары, Санихан Даулетбек -                        Нұр-Сұлтан қаласы №75 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.    

 

Вебинарда келесі сұрақтар қарастырылды:  

 

    1) «Сабақтан тыс спорт сабақтарын ұйымдастырудың және мектептегі спорт секциялары қызметінің өзекті мәселелері" Санихан Даулетбек  Нұр-Сұлтан қаласы №75 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.    

   2) «Білім беру ұйымдарындағы сабақтан тыс спорттық секцияларды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» Сексенов Ерполат Тұрдыбайұлы - №82 “Дарын” мамандандырылған лицейінің   дене шынықтыру пәні мұғалімі.

   3) «Қазақ күресін үйретудің тәсілдері» - Жүкібаев Мақсат Маратұлы - Нұр-Сұлтан қаласы №24 орта мектептың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.    

  4) «Спорт ойындарында жылдамдық дағдыларынды жетілдіру»- Меделханов Оңғар Амангелдіұлы - Нұр-Сұлтан қаласы №14 мектеп- гимназияның  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.    

   5) «Мектепте сабақтан тыс уақытта  үйірме ұйымдастыру»- Амангелді Ақтілек- Нұр-Сұлтан қаласы №11 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.    

   6) «Мектепте сабақтан тыс спорт сабақтарын және мектептегі спорт секциялары ұйымдастыру»- Болатхан Кайрлыс- Нұр-Сұлтан қаласы №27 мектеп-лицейінің

 

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.