"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«АЙБЫН-2021» республикалық жиынына дайындық

«АЙБЫН-2021» республикалық жиынына дайындық

  2021 жылдың 16 қыркүйегінде Мичурин кентінде орналасқан «Жас тарлан» әскери-патриоттық спорт клубында Нұр-Сұлтан қаласының  оқу орындарының бастауыш-әскери және техникалық дайындық ұйымдастырушы-оқытушыларының кеңесі өтті. Күн тәртібінде: «АЙБЫН-2021» республикалық жиынына дайындық.

  Қаланың оқу орындарында әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жақсарту мәселелері қаралды. Сөз сөйлегендер: Қ. Тілегенов, С.Көлбаев - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының әскери-патриоттық жұмыс бөлімінің әдіскерлері. Сондай-ақ, «АЙБЫН-2021» республикалық жиынына қатысушылардың әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жаттығулар өтті.

 2021 жылдың 17 қыркүйегінде «АЙБЫН-2021» жиынына дайындық барысы және Нұр-Сұлтан қаласының әскери гарнизонында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде өтетін әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша 3 күндік жарысқа қатысушыларды іріктеу талқыланды. Қалалық оқу орындарының бастапқы-әскери және техникалық даярлығын ұйымдастырушы оқытушылар қатарынан төрешілер алқасының мүшелері сайланды.

  Сол күні қаланың оқу орындарының оқушылары арасында «Менің роботым» робототехника конкурсы өтті.