"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұлттық мектеп лиганың аясында тоғызқұмалақтан жарыстар аяқталды

2022 жылдың 8-15 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының № 8 мектеп-гимназиясында 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лиганың аясында тоғызқұмалақтан жарыстар өз мәресіне жетті. Жарысқа жалпы білім беретін мектептерден 71 команда және 284 оқушы қатысты.
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер командалар анықталды:
5-6 сыныптар арасында:
1 орын - №32 МГ
2 орын - BINOM School Тұран
3 орын - №90 МГ
7-8 сыныптар арасында:
1 орын - №37 МЛ
2 орын - №24 ОМ
3 орын - №54 МЛ
9-10-11 сыныптар арасында:
1 орын - №24 ОМ
2 орын - №80 МГ
3 орын - №73 МЛ
Командалық есепте 1 орын алған мектептер мамыр айында Шымкент қаласында өтетін Республикалық Ұлттық Мектеп Лигасына жолдама алды.
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің 70%-ын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өркен” балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «Арқа ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының тәрбиеленушілері құрайды. Жарыс жеңімпаздары мен жаттықтырушыларын құттықтаймыз!