"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Баскетболдан колледждер арасында ұлттық лига

Қыздар арасындағы колледждердің баскетболдан ұлттық лигасы 2022 жылғы 14-18 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының кәсіптік техникалық лицейінің спорт залында өтті.

Жарысқа 5 команда, 60 студент қатысты.

Жиынтықтар:

          1 орын - «Астана» Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі;

         2 орын -Астана политехникалық колледжі (АПК);

         3 орын - Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ):

         4 орын - Көлік және коммуникация жоғары колледжі (СҚКТК);

         5 орын - Технологиялық колледж.

 

«Үздік ойыншы» номинациясы:

Габдуллина Амира (АПК); Базаргелді Сағыныш (ХУ ПК); Есімсеитова Ясмина (ЕАГИ); Букесова Зарина (ККЖК).

Командаларды дайындағаны үшін келесі жаттықтырушылар марапатталды:

Исмаилов Р. (ЕАГИ), Загребов Г.В. (АПК), Нуркишев К. С.

 

        

 

Жасөспірімдер арасындағы колледждердің баскетболдан ұлттық лигасы 2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының кәсіптік техникалық колледжінің спортзалында өтті.                                                                        Жарысқа 10 команда, 120 студент қатысты. Жиынтықтар:

          1 орын - Көлік және коммуникация жоғары колледжі (ККЖК);

         2 орын -Кәсіптік техникалық колледжі (КТК);

         3 орын - Астана политехникалық колледжі (АПК);

         4 орын - Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ);

         5-6 орын - Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі;

          5-6 орын - Сервис және туризм колледжі (СжТК)

         7-8 орын - Құрылыс-техникалық колледжі

         7-8 орын - «Қаржы академиясы» колледжі

         9-10 орын - Технологиялық колледж

         9-10 орын - Қонаев атындағы Колледж.

 

"Үздік ойыншы" номинациясы:

Махов Павел (АПК); Александр Мурзин (КТК); Баев Олег (ЕАГИ);                  Әлжан Рахат (ККЖК).

Командаларды дайындағаны үшін келесі жаттықтырушылар марапатталды:

- Байталақов Ардақ Төкенұлы;

- Қраснай Иван Иосифович;

- Загребов Геннадий Васильевич;

- Зайтенов Сұңқар Мұхтарұлы.