"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Волейболдан Ұлттық мектеп лиганың ойындары аяқталды

2022 жылғы 2-16 ақпан және 17 ақпан - 5 наурыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласының №16 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылына арналған Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңі шеңберінде қыздар мен ұлдар арасында волейболдан ақтық жарыстары аяқталды!

Қыздар арасында лига жарысына 42 команда, 504 оқушы қатысты.

 

Қыздар  арасында волейбол ойынының қорытындысы бойынша

1 орын –   № 16 орта мектебі;

2 орын – № 3 мектеп-гимназиясы;

3 орын – № 57 орта мектебі.

 

Ұлдар арасында лига жарысына 47 команда, 564 оқушы қатысты.

 

Ұлдар  арасында волейбол ойынының қорытындысы бойынша

1 орын –  № 16 орта мектебі.

2 орын - № 4 мектеп-гимназиясы;

3 орын – № 37 мектеп-лицейі.

 

Құттықтаймыз!