"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

18 жасқа дейінгі қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында елорданың білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері жүлдегер атанды

2022 жылдың 18-25 наурыз аралығында Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында гандболдан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Сирия, Өзбекстан, Үндістан, Иран және Қазақстан құрама командалары қатысты.                      

Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамында Нұр-Сұлтан қаласының тәрбиеленушілері қатысты:

1.Қуандықова Жанерке-гуманитарлық колледж.

2.Мырзамсейітова Мадина-гуманитарлық колледж.

  1. Жапарова Дамира - №41 орта мектеп.
  2. Каметай Ұлжан-гуманитарлық колледж.
  3. Олейникова Луиза - №41 орта мектеп.

Азия Чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2022 жылдың тамыз айында Грузияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуға лицензия алып, 2 орынға ие болды. Біздің спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз!