"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Баскетбол мен футзалдан республикалық ұлттық мектеп лиганың ақтық ойындары аяқталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған спорттық-бұқаралық, дене-шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 1-8 сәуір күндерінде Шымкент қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лиганың аясында футзалдан ұлдар арасында жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының БИЛ командасы  1 орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған спорттық-бұқаралық, дене-шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 1-8 сәуір күндерінде Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лиганың аясында баскетболдан ұлдар және қыздар арасында жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының №32 мектеп гимназиясының командасы (ұлдар) чемпион атанса, Нұр-Сұлтан қаласының  №30 мектеп гимназиясының командасы (қыздар) күміс медальға қол жеткізді.

Спортшылар мен жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз!