"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр-Сұлтан қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды (мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті 17.02.2022 жылы берген). 

Федерацияның негізгі мақсаттары мен міндеттері дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, оқушылар мен студент жастар арасында ғылыми және практикалық қызметті жүзеге асыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, мектеп және студенттік спортты дамытуға, мектеп және студенттік лигалар арасында спорттық іс-шараларды қалыптастыруға, ұйымдастыруға және өткізуге ықпал ету болып табылады.

Мектеп және студенттік спортты дамыту ісінде құрылған Федерацияның өсіп-өркендеуіне тілектеспіз!