"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2022 жылғы 11-15 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында  «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасы екінше рет өткізілді.

Олимпиадаға - Нұр-Сұлтан қаласының, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан облыстарының 5-6,7-8 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында Нұр-Сұлтан қаласының № 6 мектеп-гимназиясының командасы І орынға ие болса, ІІ орынды - № 59 мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды.

7-8 сынып оқушылары арасында № 59 мектеп-лицейінің командасы І орынға ие болса, ІІ орынды - № 5 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды

Біздің оқушыларды, сондай-ақ осы мектептердің дене шынықтыру мұғалімдерін осы жетістікпен құттықтаймыз.

Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру мұғалімдері мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын атап өткіміз келеді. Республикалық Олимпиаданы сапалы өткізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, Олимпиаданың төрешілігіне көмек көрсетті.