"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Балалар жылына және Халықаралық отбасы күніне арналған «Көңілді рух және сау дене, спортпен айналысу-қажетті іс!» оқушылардың эссе қалалық байқауының нәтижелері туралы ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

Байқау салауатты өмір салтының отбасылық құндылықтарын тәрбиелеу және денсаулықты нығайту тәсілдері, зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы білім алушылардың түсінігін жүйелеу арқылы оқушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін қалыптастыру үшін, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды танымал ету және жағдай жасау мақсатында Балалар жылына және Халықаралық отбасы күніне арналған «Көңілді рух және сау дене, спортпен айналысу-қажетті іс!» оқушылардың эссе қалалық байқауы 2022 жылғы 12 мамырда өткізілді.

Байқауға № 2, 5, 8, 14, 18, 20, 27, 28, 32, 35, 37, 42, 43, 58, 59, 62, 80, 86 мектептердің 7-9 сыныптарынан 34 оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары келесі критерийлер бойынша анықталды:

  • Негізгі тақырыпты ашу
  • Өз ұстанымын ұсыну және түсіндіру
  • Берілген пікірлер мен дәлелдердің сипаты мен деңгейі

Байқау қорытындысы бойынша естелік дипломдардың иегерлері болып ең жоғары  тең балл жинаған мектеп оқушылары:

Қазақ тілінде:

1 место- Нұрбиби Маратқызы- № 42 мектеп

2 место- Аружан Есенгелді -№ 8 мектеп

3 место- Кәусар Шырынбай - № 86 мектеп

Белсенді қатысқаны үшін - Айым Абдиханова - № 8 мектеп

Орыс тілінде:

1 место- Колесникова Диана- № 59 мектеп

2 место- Жуйкова Полина- № 14 мектеп

3 место- Тажмурат Алина- № 5 мектеп

Белсенді қатысқаны үшін - Иванова Дарья- № 14 мектеп