"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық колледж студенттері Спартакиадасының бағдарламасында күзгі кросстан жарыс аяқталды

Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты колледж студенттері Спартакиадасының шеңберінде күзгі кросстан жарыс аяқталды.

Күзгі кросстан колледж студенттері Спартакиадасының жарысы 2022 жылғы 26 қыркүйек күні  Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 20 колледждері қатысты.  

 

Жарыс қорытындысы:

4 орын - «Қазақ технология және бизнес универститетінің колледжінің» командасы;

3 орын - «Жоғары көлік және коммуникация колледжінің» командасы;

2 орын - «Астана политехникалық жоғары колледжінің» командасы; 

1 орын - «Астана» халықаралық  университетінің педагогикалық колледжінің» командасы.  

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, дипломдарымен, медальдарымен және жүлделерімен марапатталды.