"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«JAS TARLAN» әскери-патриоттық, спорттық оқу орталығындағы кездесу

2022 жылы, қазанның 11 күні Астана қаласы, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы подполковник Турскелдиев Медет Болатович, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмысының орынбасарымен бірге Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар және дене тәрбие орталығы «JAS TARLAN» әскери-патриоттық, спорттық оқу орталығына келіп танысты. Әскери-патриоттық, спорттық оқу орталығын одан әрі бірлесіп дамыту, осы оқу орталығында патриоттық және әскери-патриоттық тәрбие алу туралы келісімге қол жеткізілді.