"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Асық атудан және бес асықтан 5-сыныптар арасындағы Республика күніне арналған Астана қаласының қалалық турнир

2022 жылдың 22 қазан күні «Арқа ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығы мен №18 орта мектеп ұйымдастырумын Республика күніне орай 5-сыныптар арасында бес асық пен асық атудан қалалық турнир өтті. Турнирге барлығы – 60 бала қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына «Арқа ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының меңгерушісі – Адильбек Жумабекович Ерденбаев, Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының төрағасы – Ескендір Серікұлы Рахметов, Астана қаласы «Асық ойыны» федерациясының аға жаттықтырушысы – Марат Қалшабекович Исламбеков, «Арқа ALAN» ҰСТДО әдіскері – Арайлым Бахытжанқызы Тұрашева, «Арқа ALAN» ҰСТДО оқытушы-жаттықтырушылары Еламан Бекжанұлы Акунов пен Аслан Габделмажитович Жусупов қатысты.

Қалалық турнир командалық және айналмалы жүйеде өткізілді.

 

Турнирдің жеңіпаздары мен жүлдегерлері:

5-сынып ұлдар арасында:

1 орын – №85 мектеп-лицей

2 орын – №42 орта мектеп

3 орын – №84 мектеп-лицей

4 орын – №65 мектеп-гимназия

 

5-сынып қыздар арасында:

1 орын – №24 орта мектеп

2 орын – №18 орта мектеп

3 орын – «Арқа ALAN» ҰСТДО

4 орын – №8 мектеп-лицей

 

Турнирдің жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «ӨРКЕН» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы және №18 орта мектеп атынан медаль және дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.