"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Республика күніне арналған шахматтан турнир өткізілді

2022 жылғы 21-22 қазанда Астана қаласының №73 мектеп-лицейінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен № 73 мектеп-лицей әкімшілігімен 1-4, 5-8 және 9-11 сыныптар оқушылары арасында Республика күніне шахматтан турнир өткізілді.    

Турнир қорытындысы:                                                                                     

1 орын - № 72 мектеп-лицей                                                                               

2 орын - № 73 мектеп-лицей                                                                           

3 орын- № 74 мектеп-гимназиясы 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және №73 мектеп-лицей әкімшілігінің медальдарымен, кубоктармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.