"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Жас сарбаз» фестиваліне іріктеу конкурс өтті

27 - 28 қазан күні Астана қаласы Білім басқармасының жалпы білім беретін оқу орнындарының «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерінің арасында Республикалық әскери - патриоттық ән фестиваліне қатысуға іріктеу конкурсы өтті.

Жүлделі орындарға келесі «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері иеленді:

Сейткожина Айтолқын - БИНОМ;

Айдосова Ақжарқын - 78 мектеп - лицей;

Әбдімомын Нұрғиса - 51 мектеп - лицей;

Азатқали Мансур - 90 мектеп - лицей.