"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Көңілді ойындар» өтті

25 - 28 қазан күндері Астана қаласында 3 - 4 сынып оқушылары арасында «Көңілді ойындар» жарысы өтті. «Көңілді ойындарға» Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы және Астана қаласының оқушылары қатысты.

«Көңілді ойындардың» қорытындысы:

3 сыныптар арасында:

1 орын - Астана қаласы

2 орын - Жамбыл облысы

3 орын - Қарағанды облысы

4 сыныптар арасында:

1 орын - Алматы қаласы

2 орын - Маңғыстау облысы

3 орын - Астана қаласы

Құттықтаймыз!