"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Есіл» ауданында семинар-практикумы өтті  

 

Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 8 желтоқсанда №59 мектеп - лицейінде аудандық нұсқаулық-әдістемелік семинар-практикум өтті.

Семинарға "Есіл" ауданы мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшылары және Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының мамандары қатысты.

Семинар-практикумда «Сабақтан тыс спорттық сабақтарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері және білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесінің жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мектеп спорт клубтарының тиімді қызмет ету шарттары» тақырыбында әңгіме өтті. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Есіл» ауданының балалар мен жасөспірімдер дене дайындығы клубының нұсқаушыларымен оқу-жаттығу сабақтарын өткізу тәжірибесімен танысты.