"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық оқушылар Гимназиадасының бағдарламасындағы волейболдан финалдық ойындары өтті

2022 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласының №56 мектеп - лицейінде қалалық оқушылар Гимназиадасының ұлдары мен қыздары арасында волейболдан финалдық ойындары өтті. Жарыс 2022 жылғы 10 қазан мен 14 желтоқсан аралығында 2022 - 2023 оқу жылына арналған спорттық - бұқаралық іс - шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізілді және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Жарысқа 86 жасөспірімдер командасы (1032 қатысушы) және 82 қыздар командасы (984 қатысушы) қатысты.

Гимназиада нәтижелері:

Ұлдар: 

1 орын - № 83 МГ

2 орын - № 78 МЛ

3 орын - № 4 МГ

4 орын - № 16 ОМ

Қыздар:

1 орын - № 16 ОМ

2 орын - № 57 ОМ

3 орын - № 54 МЛ

4 орын - № 83 МГ

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай - ақ жарыстың үздік ойыншылары Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.