"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық семинар-практикум өтті

2023 жылғы 5 қаңтарда Астана қаласының № 91 мектеп-гимназиясында «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы қалалық әдістемелік орталықпен бірлесіп, жас мамандар - қала мектептерінің дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық даярлау мұғалімдері үшін «үздік тәжірибе - үздік педагогтардан» атты қалалық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумның спикерлері қалалық дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының мүшелері: Г.Е. Апарова, Е.И.Копкина, А.Т. Шомаев, сондай-ақ «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының құрылымдық бөлімшелерінің педагогтары: «Сарыарқа» БЖДДК нұсқаушысы - З.И. Акчурина, «Арка Алан» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығының жаттықтырушы-оқытушысы - А.Г. Жүсіпов және «Жас тарлан» әскери-патриоттық спорт орталығының мамандары. Олар «Дене шынықтыру» және «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша оқыту мен тәрбиелеу әдістемесіндегі үздік тәжірибені ұсынды.