"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық мектеп лиганың шеңберінде тоғызқұмалақтан жарыс аяқталды

Астана қаласының білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Астана қаласының мектеп лигасы шеңберінде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында тоғызқұмалақтан 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқуышылары арасында жарыстары 2023 жылғы 24-27 қаңтар күндері аралығында ұйымдастырылып, өткізілді. Жарысқа Астана қаласының 80 мектебінен 320 оқушы қатысты.   

 

Жарыстың қорытындысы:

5-6 сыныптар

4 орын - № 27 мектебі;

3 орын - № 32 мектебі;

2 орын - № 90 мектебі;

1 орын - № 24 мектебі.

 

7-8 сыныптар 

3 орын - № 76 мектебі;

2 орын - БИНОМ Ұлы дала мектебі;

1 орын - № 37 мектебі.

 

9-11 сыныптар

3 орын - № 58 мектебі;

2 орын - № 86 мектебі;

1 орын - № 24 мектебі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды!